Балаларды адамгершілікке,отанын сүюге,оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Оларға патриоттық тәрбие беру.Балаларды Ұлы Отан соғысымен,Қазақстандықтардың ерлік істерімен,таныстырып,ой-өрісін дамыту.Баларды үлкен адамдарды сыйлай білуге,оларды қадірлеуге тәрбиелеу.Бұл мереке-ерліктің,еңселі елдіктің рухы өрлеп,Жеңіс жалауы желбіреген күн.Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік,еңсеміздің биік болуы да,еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де-осынау мерекенің жемісі.Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып,бой түзейді.Осынау ерлікке толын Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.