Астрономиядан халықаралық олимпиада
-Қазақстанның мектеп оқушылары командасы 2023 жылдың 14-22 қарашасы аралығында Ресейдің Сочи қаласында «Сириус» федералды аумағында өтіп жатқан беделді халықаралық астрономия байқауына – Екінші ашық халықаралық астрономиялық олимпиадаға – OWAO-ға қатысты. Тағы да ЖЕҢІС!
OWAO – әлемдегі үздік астрономиялық дәстүрлер мен көрнекті пән мамандарын біріктіретін жас олимпиада. Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.
ФМБ НЗМ және Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларынан құралған Қазақстандық команда тамаша дайындығы мен дарындылығын көрсетті. Қащықтықтан жұмыс істейтін ұжым «Бөбек» орталығының обсерваториясының оқытушысы, қызметкері Кенжетай Әсел Жанболатқызының жетекшілігімен білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсетті.
Бұл тамаша нәтижелермен расталды:
Аленов Дамир АЛТЫН,
Табаров Ахмаджон, Елубай Бекасыл, Қылышбек Уәлихан, Суннатов Заңғар – КҮМІСжеңіп алды.
Бұл тамаша жетістіктер қатысушылардың дайындығы мен дарындылығының жоғары деңгейін, сондай-ақ оқытушылар мен тренерлердің үлкен және нәтижелі еңбегін көрсетеді. Қазақстандық ұжым астрономияның дамуына қосқан үлесін мақтан тұтып, ғылым мен білім саласында жаңа белестерге ұмтылуда. OWAO 2023-тегі тамаша жеңіспен құттықтаймыз!
153 мың қазақстандық оқушы жөндеуден өткен мектептерде білім алуда
Биыл елімізде 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оқу жылының басынан бері 153 мың қазақстандық оқушы жөндеуден өткен 207 мектепте білім ала бастады.
Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылды, ғимараттардың қасбеттері, терезелері жаңартылды, ішкі инженерлік желілері (су құбыры, кәріз, жылу, электр желілері), дәретхана бөлмелері жөнделді. Сейсмикалық құбылыстары жоғары аймақтарда сейсмикалық күшейту жұмыстары және т.б. жүргізілді.
Айта кетейік, жөндеуден өткен ғимараттардың ішінде салынғанына 50 жылдан асқан мектептер де бар. Олардың көбі Алматы облысында орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін министрлік оқу-тәрбие процесінің бұзылуына жол бермеу және оны қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерге бірнеше рет бақылау жүргізді. Бүгінде жөндеу жұмыстарынан бөлек Қазақстандағы шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңартылуда.
Атап айтсақ, күрделі жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханаларды, асханалар мен қауіпсіздік жағдайларын жақсарту атқарылуда. Бүгінгі таңда 941 ауыл мектебінде жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оған қоса, биыл 1000 заманауи пәндік кабинеттерін (робототехника, химия, биология немесе физика) ашу жоспарлануда. 974 мектепте заманауи кабинеттер орнатылды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады
ҚР Үкіметі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ сыртқы қасбеттерді әрлеуде қолданылатын материалдардың басым бөлігі отандық өндірістің тауарлары болмақ.
Кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткізуді жоспарлауға және тиімді шарттармен жобаны қаржыландыруға мүмкіндік беретін алдын ала келісімшарттарды қолдану қарастырылған.
Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, салынып жатқан мектептерді жабдықтау үшін жиһаздар мен құрал-жабдықтарға қажетті барлық техникалық шарттарды анықтаған. ҚР Үкіметі қабылдаған өзгерістерді сапалы іске асыру үшін елішілік құндылық үлесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі.
Бұдан бөлек, қоғамдық мониторинг жүргізу үшін ақпараттық жүйе әзірленуде. Осылайша, әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қоғамдық дашборд арқылы бақылауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта қазір әрбір объектіде бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
Еске сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Бұл өз кезегінде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешеді.
Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,4 трлн теңге қарастырылған. 2023 жылы 461 мың орындық 217 мектеп құрылысын бастап, оларды келер жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2024 жылы 279 мың орындық 152 мектеп құрылысын бастап, оларды 2025 жылы ашу жоспарланып отыр.
Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиадаға тіркелу басталды
20 қарашада өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиада басталады. Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс.
«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде ұсынылады. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні әділ-қазылар үшін жасырын болады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланып отырады», – дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Интеллектуалды сайыс үш кезең бойынша өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айында; екінші кезең (іріктеу) – желтоқсан айында; үшінші кезең (республикалық) – 2024 оқу жылының қаңтар айында.
Республикалық III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады.
I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.
Атап өтейік, олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізіледі.
Қараша айындағы жағдай бойынша елімізде 83 000 жаңа оқушы орны ашылған
ҚР Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептердің мәселесін шешу үшін жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қараша айының басында өңірлерде 83 мың оқушыға арналған 85 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жалпы, осы жылдың соңына дейін түрлі қаражат көздері арқылы 132 мың орындық 154 мектеп, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мекте пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің, 113 елді мекендегі оқушылар орнының тапшылығы мәселелерін шешеді.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да іске асырылуда. Биыл құрылысы басталатын 217 мектеп 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Оперативный план | |
| 2 | Перспективное меню | |
| 3 | План | |
| 4 | Приказ | |
| 5 | Перспект 2 неделя |
https://zhezbalbobek.kz/kz/tama-tanu.html#sigFreeId0085307410
https://zhezbalbobek.kz/kz/tama-tanu.html#sigFreeId0a95833f0e
https://zhezbalbobek.kz/kz/tama-tanu.html#sigFreeIdd10defd858
https://zhezbalbobek.kz/kz/tama-tanu.html#sigFreeId680d84f578














