Қазақтың әдет-ғұрпында жол-жоралғы деген ұғым бар. Бұл - әр адамның еңбегіне, ата-тегіне, туыстық қатынастығына сай жасалатын алыс-беріс, сый-сыяпат ретінде берілетін тарту-таралғы. Мұның әр түрлі жoлдармен жасалатын реті болады. Мысалы, алғаш рет келген құрметті қонаққа, батырға, ақынға, ел ағаларына, құда-құдағиға көрсетілетін жол бар. Мұндай тарту-таралғыға ат-шапан, кісе белбеу, ерт-тұрман, қару-жарақ, қалы кілем, құндыз бөрік, домбыра, күміс қамшы жатады. Жол жөн - жосық кезек беру арқылы да көрсетіледі, мысалы: бата беру, бас ұстау, жоғары отыру. Бесікке салуда жол құдағиға немесе басқа рудың әйелдеріне беріледі.

"Орамал тон болмаса да, жол болады", - дегенде, атам қазақ: "Үлкен - кіші болса да, сыйлай біл, арзан-қымбат болса да, жолы мен жөнін көрсете біл ", - деп ескерткен.