
|
Сабақтын мақсаты: Балаларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу. |
Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу . Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт - дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан етеміз.Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті .
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернеп жүректі .
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.
-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .
Отан туралы тақпақтар :
Ән : Астана .
-Балалар , ал еліміздің туралы не білеміз.
Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.
Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы .
Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп сабағымыз аяқталды . Сау болыңыздар !









