Бүгін балабақшамызда ерекше күн болды! Балаларымыздың бойындағы шығармашылық қабілетін, өнерге деген сүйіспеншілігін және ізденісін көрсету мақсатында «Дарынды бала-2025» байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Балалардың жеке қабілеті мен дарынын анықтау;
- Шығармашылық ойлау мен өзін еркін көрсетуге баулу;
- Өнерге, білімге қызығушылығын арттыру;
- Тәрбиеленушілердің өзіне деген сенімін нығайтып, сахна мәдениетін қалыптастыру.
Байқау барысында кішкентай дарындар өздерін таныстырып , логикалық сұрақтарға жауап беріп ,өз өнерлерін көпшілікке паш етті.
Мұндай шаралар балалардың дамуына, өздерін табысты сезінуіне үлкен мүмкіндік береді.
Байқаудың нәтижесі бойынша :
"Қызғалдақ"тобының тәрбиеленушісі - Берік Төре " "Білімді бала" номинациясымен марапатталды
" Жұлдызша" тобының тәрбиеленушісі - Басар Сафия " Щығармашыл бала"номинациясымен марапатталды
" Балдәрен" тобының тәрбиленушісі - Карасев Михаил « логика -шебері" номинациясы
" Алтын балық " тобының тәрбиеленушісі - Марат Медина "Данышпан бала" номинациясымен мараппаталды.